Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақ шахматшысы Әлем кубогының қазіргі чемпионын жеңді

Қазақ шахматшысы Әлем кубогының қазіргі чемпионын жеңді
Казинформ
Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахматтан Әлем кубогында 107 шахматшы бақ сынауда, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан атынан қатысып жатқан жерлесіміз (рейтингі – 59) 1/32 финалда турнирдің қазіргі чемпионы, рейтингте 6-орында тұрған Александра Горячкинаны жеңіп, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.

Турнир ережесіне сәйкес, әр қарсылас өзара классикалық форматта екі партия ойнап, жеңімпаз анықталады. Енді отандасымыз ертең қара фигурамен ойнайды.

Айта кетейік, бұл турнир 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейінгі үздік нәтижені Динара Сәдуақасова көрсеткен еді – ол 2021 жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Горячкинаға жол берген болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар