Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол картасы оң өзгерістерге жол ашады

Жол картасы оң өзгерістерге жол ашады
Автор
Жуырда «AMANAT» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуға Мәжіліс депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрым, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев және басқарма басшылары қатысты.

Алдымен «AMANAT» партиясының облыс бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасындағы 2025 жылғы көрсеткіштердің 6 айда орындалуы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың баяндамасы тыңдалды.

Жалпы жол картасында 103 көрсеткіш болса, биыл 78-інің орындалуы қарастырылған. Бүгінгі таңда 11-і толық орындалған. Ал 46 көрсеткіш бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қалған көрсеткіштердің жыл соңына дейін жүзеге асырылуы жоспарланған.

– Жол картасы аясында 2025 жылға 182 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде аймақ экономикасының дамуы мен ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға 17,6 миллиард, инфрақұрылым жүйесін жақсартуға – 72,4, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыруға – 85,3, әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдауға 6,7 миллиард теңге жұмсалады. Мәселен, аймақ экономикасының дамуы, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бойынша биыл 23 көрсеткіш қарастырылса, есепті кезеңде оның бесеуі толық, біреуі ішінара орындалды, 12-сі орындалу үстінде. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасына сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау мақсатында 47 тауар өндірушімен және 243 сауда дүкенімен меморандум жасалды. Есепті кезеңде 12,8 мың жұмыс орны құрылды. Субсидияланатын және бос жұмыс орындарына 12,9 мың азамат жұмысқа орналасты. Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 118,7 миллиард теңгеге 7 жоба іске асырылуда. Гранттық қаржыландыру құралы бойынша биыл 21 миллион теңге қаражат бөлініп, 5 жобаны қаржыландыру көзделуде. Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту аясында қарастырылған 12 көрсеткіштің есепті кезеңде біреуі орындалса, тоғызы орындалу үстінде. Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін биыл өңірде бюджет қаражаты есебінен 2 030 пәтерлі 44 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру бойынша 5,5 миллиард теңгеге 112,1 шақырым облыстық, аудандық маңыздағы жолдар, 14 миллиард теңгеге 332,4 шақырым ауылішілік жолдар жөнделуде, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиын барысында инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм және халықты жұмыспен қамту бағыттарында атқарылған жұмыстар да талқыланды.

Сонымен қатар фракция отырысында облыстық мәслихаттың депутаттары Ерұлан Мағзымбеков, Андрей Савченко және Эльмира Қойлыбаеваның есептері тыңдалды.

Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өз сөзінде:

«Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарын партиялық бақылауда ұстау – басты міндетіміз. Осы ретте фракция мүшелерін, партиялық бақылау комиссиясы мен партия белсенділерін кеңінен жұмылдырып, тұрақты мониторинг жүргізу қажет», – деді.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар