
Бұл – күн сайын тынымсыз еңбек етіп, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, шынайы ақпарат таратып, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер мен медиа мамандарының кәсіби мерекесі.
Журналистика – жай ғана кәсіп емес, бұл – қастерлі міндет, үлкен жауапкершілік. Бұл салада жұмыс істеу кәсіби біліктілікті, шынайылық пен адалдықты, объективтілік пен батылдықты қажет етеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада:
«Қаншама қиындықтар мен сын-сынақтарға қарамастан, өз міндетін абыроймен атқарып, әділдік пен шындықтың жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша БАҚ өкілдері қашанда жоғары құрметке лайық», – делінген.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 5 855 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Олардың қатарына баспа басылымдары, телеарналар, радио және интернет-ресурстар кіреді.