Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Айару тағы да үздік атанды

Айару тағы да үздік атанды
Автор
Мамыр айының 1-і мен 8-і аралығында Қызылорда қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында ел кубогының II кезеңі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

                                                                                                                                                                   Бұл жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттерінен де жас спортшылар келіп, бақ сынады. Естуімізше, шахматтан жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған ел кубогының екінші кезеңіне 350-ге жуық жас шахматшылар қатысқан екен. Біздің тағы да қуанышты жаңалығымыз бар. Қазір өзі ауданда шахмат ойынының аты аталса, бірден қаршадай ғана Айару Каипованы еске түсіретін болдық. Өйткені оның есімі көпшіліктің санасында да жатталып қалған. Енді өзі қатысқан жарыстардың бәрінде де Айару жүлдесіз қайтпайды. Қызылорда қаласында өткен ел кубогының екінші кезеңінде де Айару Каипова жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 100 мың теңгелік ақшалай сыйлықтың сертификатына ие болды. Осылайша Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Айару Каипова ауданымыздың ғана емес, облысымыздың мерейін үстем еткен жайы бар. Бұл әрине Айарудың тынымсыз еңбегі мен кәсіби дайындық деңгейінің айқын көрінісі.

Айаруды кезекті жүлдесімен құттықтаймыз. Оның бұл жүлдесі ата-анасының, оны әркез қолдаған жаттықтырушыларының да ортақ қуанышы. Айару әлі талай жарыстарда өзінің мықтылығын көрсетеді деген ойдамыз. Негізінен көрсетіп те жүр. Аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев жақында Айару Каипованы жеке қабылдап, оның табандылығы мен еңбекқорлығына ризашылығын білдіріп, әрдайым жарыстарда сәттілік серік болуына ниеттес екенін жеткізді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар