Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
polisia.kz
Қазақстан экономикасының стратегиялық активтерінің бірі болып табылатын бағалы металдардың көлеңкелі айналымына қатысты қылмыстық схемаларды әшкерелеу бойынша Ішкі істер министрлігі кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды arainfo.kz

Атап айтқанда, 2024 жылдың маусым айында Жамбыл облысында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесіп, "Ақбақай" кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыстық топ құрамында жергілікті тұрғындар, комбинат қызметкерлері және қауіпсіздік қызметінің өкілдері болған.

Тергеу барысында заңсыз өндіруден бастап өңдеуге, алтын құрамды шикізатты тасымалдауға дейінгі толық қылмыстық тізбек әшкереленді. Келтірілген залал көлемі 400 миллион теңгеден асты. Топ басшысы мен оның сыбайластарын ұстау операциясы бір мезгілде елдің төрт өңірінде жүргізілді. Нәтижесінде 50-ден астам адам ұсталды, шамамен 6 кг алтын тәркіленді және 8 жасырын кен өңдеу цехы жойылды.

Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша тергелуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

– Алтын контрабандасының арналары, көлеңкелі айналымдар мен түпкілікті бенефициарларды анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар