Ыстамбұлда жойқын жарылыс болды
HaberTurk басылымының хабарлауынша, оқиға Ыстамбұлдың Азия жағалауында, Кадыкей ауданында болған. Жарылыстың соңы өртке ұласып, өрт бірнеше ғимаратқа тараған.
Салдарынан айналадағы ғимараттар мен бірнеше көлік зақымданған. Әзірше бір адамның зардап шеккені белгілі болды.
Өрт ауыздықталғанымен үш адам қаза тапты. Жарылыс кезінде жараланып, емделуге ауруханаға жеткізілген Өзбекстан азаматы да бар.
Жарылыс пен өрттің себебі анықталғаннан кейін жұртшылыққа жарияланады. Алдын ала болжам бойынша жарылыс газ баллонының жарылуынан болған.