Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалады

Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалады
pixabay.com
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады,деп хабарлайды arainfo,kz

Заң жобасы әзірленіп, Мәжілістің қарауына ұсынылды.

Аталған заң жобасы қоғам үшін аса қауіпті емес, жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасаған, жазасын өтеп жатқан немесе өтеу мерзімінің аз қалған азаматтарға қатысты рақымшылық қарастырады.

Алдын ала есеп бойынша, бұл рақымшылық 15 мыңға жуық адамға әсер етеді. Оның ішінде:

  • 4 100 адам толық босатылады (632-сі түрмеден, 3 500-і пробация есебінен);
  • 11 000 адамға қатысты жаза мерзімі қысқартылады;

Сонымен қатар 1 700-ден астам азаматқа рақымшылық жазасын өтеуге бір жыл қалуына байланысты қолданылады. Әлеуметтік осал топтар мен әйелдер де ескерілген: 57 әлеуметтік осал азамат пен 109 әйел толық босатылса, өзгелерінің жазасы қысқартылады.

Дегенмен, мемлекет қауіпсіздігіне, мемлекеттік құпияларға және сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарға рақымшылық қолданылмайды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар