Жаңалықтар
                                    
                                        
                                            
                                        
                                                                                    
                                    
                                
                                Ресейдегі қазақстандықтар президент сайлауында дауыс бере алатын орындар аталды
- author AR-AY
- 10 қазан, 2022
- 225
 
                                        Ресейдегі қазақстандықтар президент сайлауында дауыс бере алатын орындар аталды
                                Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 20 қарашада өтетін президент сайлауында қазақстандықтар дауыс бере алатын сайлау учаскелерінің мекенжайын жариялады, - деп хабарлайды Arainfo Tengrinews.kz тілшісі.
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Ресейдегі Қазақстан елшілігіндегі № 265 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатыса алады.
                                "Учаскенің жұмыс режимі: Мәскеу уақыты бойынша сағат 7:00 - 20:00. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3 "А" (Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимараты). Сайлау учаскесіне барған кезде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет", - делінген хабарламада.







