
Дания ресми түрде зейнетке шығу жасы ең жоғары мемлекет ретінде танылды. Бұл елде зейнеткерлік жас 70-ке дейін көтерілді. Мұндай көрсеткіш Еуропалық Одақ пен G20 елдері арасында бұрын-соңды тіркелмеген рекорд саналады.
Бұл шешімнің негізгі себебі — халықтың қартаюы мен зейнетақы қорларындағы тапшылық. Көптеген дамыған елдер сияқты, Дания да демографиялық теңгерімсіздікке тап болды: егде жастағы адамдар саны артып, еңбекке қабілетті тұрғындар азаюда.
Айта кетерлігі, бұл өзгеріс заңнамада алдын ала қарастырылған. Данияның зейнетақы жүйесі бойынша зейнет жасы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты белгіленеді. Яғни, азаматтар қаншалықты ұзақ өмір сүрсе, зейнетке шығу жасы да соғұрлым кеш болады.
Басқа елдермен салыстырғанда Даниядағы көрсеткіш айтарлықтай жоғары:
Австралия, Грекия, Нидерланды — 67 жас
Франция, Словакия — 64 жас
Швеция — 63 жас
Үндістан — 60 жас (аймақ пен жұмыс саласына байланысты өзгеруі мүмкін)
Қазіргі таңда Еуроодақ пен G20-ға мүше тағы 14 ел де зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.