1 маусым – Балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге орай жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сый-сияпаттарын табыс етті, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл күні өңірлік департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Сматовтың бастаған құқық қорғаушылар Тараз қаласында орналасқан Қабылбек Сарымолдаев атындағы балалар үйіне арнайы барды.
Игі шара барысында ҚАЖ қызметкерлері бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, олардың болашақтағы өміріне сәттілік тіледі. Шара соңында келушілер балаларға тәттілер үлестіріп, бүлдіршіндерге әрқашан қолдау көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




