Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде
Ашық дереккөз
Ағымдағы жылдың 31 мамырында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Тараз қаласында «Қалқан-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты - террористік сипаттағы түрлі қауіптердің жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.

Жаттығулар әртүрлі қиындық элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Оқу-жаттығу аясында халықтың және көлік құралдарының қозғалысын шектеу бойынша уақытша шаралар көзделген.

Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

 

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар