Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады

Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
istockphoto.com
Астанада өткен Халықаралық форум (AIF) аясында елімізде алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салу туралы Бас келісімге қол қойылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматы облысында QSM тобының бастамасымен ауқымды аутлет-орталық салу жобасы жүзеге асырылады. Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы таңдалды.

Келісімге қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Австрия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер қатысты.

Келісім аясында Ekazent Management GmbH жобаны жүзеге асыруға жан-жақты сараптама жүргізеді. Компания аутлет-орталықты орналастыруға ең қолайлы орынды анықтап, архитектуралық және операциялық тұжырымдамасын әзірлейді, сондай-ақ болашақ нысанның басқару стратегиясын қалыптастырады. Аутлет іске қосылғаннан кейін оның күнделікті басқаруы да аталған компанияның жауапкершілігінде болады. Сонымен қатар, халықаралық брендтер мен жалға алушыларды тарту жұмыстары да Ekazent-ке жүктеледі.

Жоба шеңберінде жалпы ауданы 80 000–120 000 шаршы метрді құрайтын аутлет-орталық бой көтермек. Оның аумағында сауда галереялары, қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, балаларға арналған ойын алаңдары және басқа да инфрақұрылымдар қарастырылады.

«Бұл жоба Қазақстанның бөлшек сауда саласына тың серпін береді. Қазіргі таңда Орталық Азияда батыстық үлгідегі аутлет-орталықтар жоқ. Бұл – еліміз үшін маңызды бәсекелестік артықшылық. Қазақстандық тұтынушылар брендтік тауарларға ерекше қызығушылық танытады. Сонымен қатар, Алматы облысының Өзбекстан мен Қырғызстан астаналарына жақын орналасуы және негізгі халықаралық логистикалық дәліздердің қиылысында тұруы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыра түседі», – деді Арман Шаққалиев.

Аутлет-орталық тек жергілікті тұрғындарға емес, шетелдік туристер үшін де тартымды бағытқа айналады деп күтілуде. Көршілес елдерден келетін шопинг-туристердің ағымы өңірдегі экономикалық және тұтынушылық белсенділікті едәуір арттыруға ықпал етеді.

«Қазақстан – әсіресе Астана мен Алматы – Орталық Азиядағы ең тартымды өңірлердің бірі. Бұл аймақ туризм мен бөлшек сауданы дамытуда зор әлеуетке ие. Біздің компания халықаралық нарықта кеңеюді көздейді. Қазақстандағы сенімді серіктестермен орнаған байланыс осы ерекше жобаның бастамасына түрткі болды. Жобаны алдағы екі жыл ішінде толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді The College Group компаниясының операциялық директоры Уилл Киффер.

Ekazent Management GmbH компаниясы бұған дейін Parndorf Fashion Outlet (Австрия) және Freeport Fashion Outlet (Чехия–Австрия шекарасы) сияқты ірі жобаларды басқарған. Бұл тәжірибе жаңа аутлет-орталықтың халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Аталған орталықтар жыл сайын миллиондаған келушілерді қабылдайды. Аутлет форматы жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында да тиімділігін дәлелдеп отыр.

Қазіргі таңда әлемдік аутлет-ритейл нарығының көлемі 100 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады. Бұл сегмент жыл сайын орта есеппен 5–7% өсім көрсетіп келеді. Бұл өсім, әсіресе, Азия елдерінде қарқынды байқалуда. Аутлеттердің танымалдығы брендтік өнімдерді төмен бағамен ұсынумен, туризмнің дамуы және тұтынушылардың бағаға сезімталдығымен тығыз байланысты.

Қазақстандағы бұл бірегей жоба QSM тобына қарасты Multibrand Holding компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Холдинг құрамында еліміздегі CFBO (Centralized Fulfillment by Operator) моделінде жұмыс істейтін алғашқы маркетплейс TEEZ, онлайн-гипермаркет Clever және Clever Distribution атты FMCG дистрибьюторы бар. Цифрлық логистика мен халықаралық девелоперлік тәжірибе үйлесімі жобаның табысты жүзеге асуына негіз болмақ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар