
– Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі. Бүгін пайдалануға беріліп отырған тұрғын үйлер – Мемлекет басшысының әлеуметтік бағыттағы саясатының ауданымызда нақты жүзеге асып жатқан айқын дәлелі. Бұл – елдің қамын ойлаған бірліктің, тұрақтылықтың жемісі деп білемін. Жаңа қоныс баршаңызға құтты болсын! – деді аудан әкімі.
Жаңа тұрғын үйлер Қордай ауылының «Шығыс» шағынауданында орналасқан. Барлық баспана екі бөлмелі, оның ішінде жатын және қонақ бөлмелері, сондай-ақ асхана мен әжетхана қарастырылған.
Аталған шағынауданда тұрғын құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін тағы 96 отбасы баспаналы болады деп күтілуде.
– Мен үшін бүгін қуанышқа толы күн. Көптен күткен сәтке де жеттім. Ата-ана қамқорлығынсыз қалғаннан бері өз үйім болса екен деген арманым болған. Сол тілегім бүгін орындалып отыр, – деді іс-шарада сөз алған Карина Қасымбекова.
Салтанатты іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет қоныстой иелерін құттықтап, бақыт пен шаттық тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі