Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Ашық дереккөз
28 мамырда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сталкингке (қудалау) және қалыңдық ұрлауға жаза қарастыратын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды arainfo.kz

Заң жобасы Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруға бағытталған.Ең көп қоғамдық пікір тудырған екі норма сталкинг және қалыңдық ұрлау болды.

Қалыңдық ұрлау деген баптың атауы да өзгерді. Енді  «Неке қиюға мәжбүрлеу» деп аталады (125-1-бап). Бұл бап бойынша жәбірленуші ретінде әйел де, ер адам да танылуы мүмкін. Жаза үш деңгейге бөлінеді:

  • Күш көрсету немесе бопсалау арқылы мәжбүрлеу — 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Кәмелетке толмағандарға, топпен жасалған әрекет — 3 жылдан 7 жылға дейін;
  • Ауыр зардаптарға (мысалы, қазаға) әкелсе — 5 жылдан 10 жылға дейін.

Бұған қоса, қалыңдықты ұрлауға көмектескен туыстарға да жауапкершілік көзделеді.

Сталкинг (қудалау) үшін 50 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған. Бұл — қылмыстық теріс қылық ретінде бағаланып, қылмыс деп саналмайды. Жәбірленушінің полицияға шағымдануы жеткілікті.

Заң жобасы қылмыстық процесті оңтайландырып, электронды іс жүргізу, қашықтан тергеу, біртұтас айыптау протоколы секілді жаңа әдістерді енгізеді. Сонымен қатар, кейбір санаттағы тұлғаларға өмір бойы бас бостандығынан айыру қолданылмайды.

Сондай-ақ, вейп пен темекіге арналмаған өнімдерді заңсыз сақтау мен тарату да қылмыстық жауапкершілікке жататын болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар