Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жетісу өңірінде табиғатқа бүркіттер жіберілді

Жетісу өңірінде табиғатқа бүркіттер жіберілді
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жетісу өңіріндегі «Сұңқар» жыртқыш құс бағында өсірілген төрт бүркіт табиғи тіршілік ету ортасына жіберілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдеуінше, бұл сирек кездесетін түрлерді сақтап, және табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрудағы маңызды қадам.

Бүркіт – Қазақстанның символы, бұл құс күш-қуатты, еркіндікті және биіктерге ұмтылуды бейнелейді. Оның табиғи ортасына оралуы біздің табиғат пен ұлттық құндылықтарға деген құрметімізді көрсетеді.

Аталмыш шара биологиялық әртүрлілікті сақтау және жабайы табиғаттағы жыртқыш құстардың санын қалпына келтіру жұмыстары аясында  жүргізілді. Құстарды тәлімбақ мамандары табиғи жағдайда өмір сүруге бейімдеген болатын, енді олар аймақтың экожүйесінде өз орнын алмақ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар