Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Kaspi.kz әйгілі қазақстандықтар туралы "Қазақстанда жасалған!" жобасын бастады

Kaspi.kz әйгілі қазақстандықтар туралы "Қазақстанда жасалған!" жобасын бастады
kaspi.kz
Kaspi.kz "Қазақстанда жасалған!" атты жаңа жобасында әйгілі қазақстандықтар туралы баяндайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Kaspi.kz жаңа "Қазақстанда жасалған!" бейнежобасын іске қосты. Бұл жоба – қазақстандықтар мақтан тұтатын және әлем мойындаған отандастарымыз туралы. Алғашқы кейіпкер – UFC-де ел атын танытып жүрген әйгілі спортшы Шавкат Рахмонов.

Шавкат өміріндегі барлық жетістікке қажырлы еңбекпен жеткен. Жас кезінде жүк тиеуші болып жұмыс істеп, кешкісін жаттығуға баруды әдетке айналдырған. Бүгінде ол – әлемдік деңгейдегі аралас жекпе-жек шебері.

"Мен үшінҚазақстанның туын көтеру  үлкен абырой. Халқымның, отбасымның қолдауы маған күш береді. Kaspi де өз саласында үздік болуға ұмтылады. Бізді біріктіретін – ортақ еңбек пен мақсат", – дейді Шавкат Рахмонов.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе:
"Қазақстан – таланттарға бай ел. Біз осындай батырлар туралы көбірек айтқымыз келеді. Шавкат – ел мақтанышы, алдағы уақытта оған жаңа жеңістер тілейміз", – деп атап өтті.

Kaspi.kz алдағы шығарылымдарда өз саласында ерекшеленген тағы да қазақстандықтар жайлы баяндауды жоспарлап отыр.

Kaspi.kz туралы:
Kaspi.kz – еліміздегі ең танымал суперқосымша. 15 миллионға жуық қолданушысы бар сервисте онлайн сауда, төлем, қаржы, билет сатып алу және мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Ал кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay қосымшасын 700 мың кәсіпкер пайдаланады.

Kaspi.kz тәжірибесі Гарвард бизнес мектебінде оқытылатын оқу кейстеріне де енген. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар