Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі елімізде балалардың еңбек құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылатынын еске салды.
Заңнамаға сәйкес, 14–16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан, ал 16–18 жас аралығындағылар 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс. Бұл ретте еңбек денсаулыққа зиянсыз әрі қауіпсіз ортада жүзеге асуы керек және ата-ананың жазбаша рұқсаты қажет.
Сондай-ақ, балаларды түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін), қауіпті немесе зиянды жағдайда жұмысқа тартуға қатаң тыйым салынған. Қосымша жүктемелер де заңмен шектеледі.
Ведомство ата-аналарға да осы талаптарды білу маңызды екенін ескертеді, себебі олар баланың құқықтарын қорғап, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге көмектесе алады.
Бибісара Асаубаева еліміздің жаңа гроссмейстері атанды
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




