
Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Орыс этно-мәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Оксана Дьяченко арнайы келіп, үйірме қатысушыларына орыс халқының ұлттық тұмар-қуыршақтарын жасаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін үйретті. Шебер өз сөзінде бұл қуыршақтардың ежелден үй ішін жамандықтан қорғайтын, береке мен тыныштық әкелетін бойтұмар ретінде қолданылғанын атап өтті. Күзде піскен дәнді дақылдармен (бидай, тары, қарақұмық, жүгері) толтырылған дорбалардан әйел бейнесіндегі қуыршақтар тігіліп, түрлі киім үлгілерімен безендірілген. Мұндай қуыршақтар балаларға ойыншық қана емес, тыныш ұйқыға кепіл болатын жастық ретінде де пайдаланылған екен.
Орталықтағы курс пен үйірмелерге қатысушылар ұлттық нақыштағы жастықтар мен қуыршақтар тігіп, қолөнердің сырлы әлемімен танысты. Дайын бұйымдардың барлығы 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында өмірлік қиын жағдайдағы көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ, жүкті және жаңа босанған аналарға сыйға тартылатын болады.
«Анаға тағзым» орталығы атынан іс-шараға қатысқан қонаққа қазақы оюмен көмкерілген жастық сыйға тарту етілді.
«AR-AI»-ақпарат
Ашық диалог алға жетелейді
Ұқсас жаңалықтар
«Әулиеата аңыздары» – тарих пен технологияны тоғыстырған жаңа кітап
- авторAR-AY
- 30 сәуір, 2025
Ақтөбелік студент ЖИ көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады
- авторAR-AY
- 30 сәуір, 2025