Жаңалықтар
Максим Мейірлан дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
- author AR-AY
- 27 сәуір, 2025
- 240
Таиландтың Бангкок қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдемен толықты,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстандық спортшы Максим Мейірлан 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол тәжікстандық Умид Раджабовты жеңді.
Айта кетейік, дәл осы салмақта Ермахан Әнуарбеков те қола медаль үшін күресті. Алайда ол жапониялық Комей Кавабатаға жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) қола жүлде еншілеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
2028 жылға қарай Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмысы жандандырылады
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025




