Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дәстүрлі ислам – ұлттық бірегейлігімізді танытатын басты құндылық

Дәстүрлі ислам – ұлттық бірегейлігімізді танытатын басты құндылық
Егемен Қазақстан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет екендігін ескере отырып: «...Жұрттың діни сауатын арттыру керек. Азаматтарымыз шынайы исламның құндылықтарын білуге тиіс. Сол құндылықтарды халық арасында түсіндіріп, дәріптеу қажет. Әсіресе өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген жөн. Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, санасы сергек ұрпақ ұлтқа адал қызмет етеді» деп айтқан болатын.

Еліміздегі Ислам дінін насихаттауда көптеген методологиялық қайшылықтар болғандықтан көпшілік арасында дінді түсіну қиынға соғуда. Ата-баба жолынан ауытқып, өз тарихын мен мәдениетін терістеу, әсіресе, жастар арасында кеңінен етек алып жатқан факторлар да бар. Рас қазіргі жастар зиялыны, рухани тұлғаны көргісі келеді. Соған еліктеуге тырысады. Бірақ бүгінгі зиялы қауым өкілдерінің көбі шыны керек діни мәселеге шорқақ болып келеді. Ата-бабалар бізге «екі дүниені тең ұста» деп өсиет қалдырып кеткен. Зиялыларымыз да екі дүниені тең ұстап, жастарға бағыт-бағдарын, ақыл-ойын айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

Негізі жастардың деструктивті діни ағымдардың ықпалында кетуінің негізгі үш себебін атап өтуге болады. Біріншіден, қоғамда діни сауаттылықтың әлсіз болуы. Екіншіден, жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деген уәде арқылы өз қатарларына тартып жатқаны. Үшіншіден, шетелдік діни уағызшылардың, әсіресе интернет желісінде өз қызыметтерін жоғары деңгейде жүргізуінде болып отыр.

Қазіргі кезде дін үйренудегі бір қиыншылық – діннің бұрмаланып жеткізілуінде. Ғылымда дәлелсіз ешбір қағида қабылданбайтынын ғалымдар жақсы білгенімен, бұл принципті дін саласында ұстана алмай келеді. Ал шындығында діннің ең күрделі, қажетті ілім екені даусыз. Әзірет Пайғамбар өзінің өсиетінде: «Алла Тағала адамдардан олардың білімін тартып алмайды, білім ғалымдардың дүние салуымен жоқ болып кетуі мүмкін. Надандықтың ой-пікірі қалады. Білімі жоқ бола тұра пәтуа береді, солайша өздері де адасады біреулерді де адастырады» дейді.

Дін мен діл, дәстүр мен білік үйлесімін лайықты кәдеге жаратып, халықтың ынтымағын арттыру үшін не істеу керек? Дін мен діл, дәстүр мен білік – қай заманда болсын маңызы мен мәнін жоғалтпайтын елдік құндылықтар. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге қарсы тұра аламыз.

Жастар ғылымға, білімге жақын болса, сонда біздің қоғамда даму болады. Қазақтың ұлт болып өркениетті елдердің қатарлы өмір сүруі үшін ең алдымен халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету қажет. Өнер-білім керек, онан да керегірегі – тәрбие. Қанша оқысақ та, тәрбиеміз кем болса, онда қасиетіміз аз болмақ.

 

Бақтияр АЛПЫСБАЕВ,

дінтанушы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар