Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды
- author AR-AY
- 18 сәуір, 2025
- 176
Қазақстан биылғы FIRST GLOBAL халықаралық робототехника чемпионатына бұрын-соңды болмаған ауқымда – бірден 7 командамен қатысуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Чемпионат биыл 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқышты біріктірді. 2025 жылғы маусымның тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау.
Министрліктің мәліметінше, жарысқа қатысып жатқан ең жас үміткердің жасы — небәрі 6 жаста.
Қазақстан атынан қатысып жатқан командалар:
Atlantis — «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы
PID және Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы
Skillset — «Skillset» мектебі, Астана қаласы
JelToqSun және Rasslexx — «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы
Sana team — «Білім-инновация» лицей-интернаты, Алматы қаласы
Ұлттық құраманың іріктеуі Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде жүргізілген.
USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов:
«Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз», — деп атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін Женева (2022), Сингапур (2023) және Афина (2024) қалаларында өткен FIRST GLOBAL чемпионаттарында үш мәрте жеңімпаз атанған.
Экономиканың өсуіне жаңаша серпін
Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман келген
- авторAR-AY
- 6 қараша, 2025




