
Қазіргі таңда түзеу мекемелерінен босап шыққан сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес,деп хабарлайды arainfo.kz
Осы себепті, елімізде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Мұндағы басты мақсат – жазасын өтеушілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, олардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу.
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен тараздық азамат бостандыққа шықты. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері 36 жастағы ер адамды мекеме қақпасынан шығарып салу барысында оған аталған әлеуметтік жоба жөнінде мол мағлұмат беріп, еркін өмірде заң бұзбауға шақырды.