Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Білім бәйгесінде бәсіміз биік

Білім бәйгесінде бәсіміз биік
Автор
Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының XX халықаралық конкурсында жамбылдық өрендер үлкен жетістіктерге жетті.

Математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауды мақсат еткен байқайдың қорытындысы бойынша облысымыздан қатысқан 4 оқушының үшеуі жеңімпаз атанды. Атап өтер болсақ, №3 мектеп-лицейдің (Тараз қаласы) 11-сынып оқушысы Жанель Израилова күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның (Тараз қаласы) 11-сынып оқушысы Бақдаулет Аманбай мен Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның (Тараз қаласы) 11-сынып оқушысы Адема Қалыш қола жүлдеге қол жеткізді.

Білім бәсекесі дарынды жастарының ғылыми тұрғыдан дамуына үлкен жол ашты. Білім саласына серпін беру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде талантты жастар ғылым мен білімге деген қызығушылықтарын арттырып, болашақта өз орындарын табады деп сенеміз.

Алдағы уақытта осындай байқаулардың жиі өткізілуі білім деңгейін арттырып, жаңа таланттардың ашылуына ықпал ететіні сөзсіз.

Айдана ЖОЛДЫБАЙ,
«Жамбыл дарыны» аймақтық
ғылыми-практикалық
орталығының әдіскері

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар