2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының "Индустриялық қалашық" аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған.
Осыған байланысты
"Ақжол", "Қарашығанақ" ,
"Бұйрат" көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынады.
Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын
- авторAR-AY
- 13 наурыз, 2026




