Театр – адам жанының айнасы, ой мен сезімнің үйлесімі, қоғамның мәдени дамуына ықпал ететін ұлы өнер.
«Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Зал көрерменге толы, қойылымдардың премьерасына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтай отырысында.
Қазіргі уақытта елімізде 70 театр жұмыс істейді, олардың 57-сі мемлекеттік. Соңғы төрт жылда 5 жаңа мемлекеттік театр ашылған. 2024 жылы 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 46-сы шетелде өтті.
Қазақстанның театрларында 9 мыңға жуық маман еңбек етсе, оның 4 200-і шығармашылық ұжым өкілдері. Өткен жылы 200-ден астам жаңа қойылым сахналанып, оның 107-сі отандық авторлардың шығармалары негізінде қойылды.
Дүниежүзілік театр күніне орай сахнада және сахна сыртында қызмет ететін барша мамандарға алғыс білдіріледі. Театр – рухани даму мен мәдениеттің маңызды бөлшегі, сондықтан оның дамуы қоғам үшін үлкен маңызға ие.
Данияда әйелдер де әскери борышын өтеуге міндеттеледі
Ұқсас жаңалықтар
21 жасқа жетпеген мыңдаған қазақстандық микроқаржы ұйымдарына қарызға кіріп кеткен
- авторAR-AY
- 30 желтоқсан, 2025




