
19 наурыз – Жаңару күнінде Наурызнаманың онкүндігі дәстүрлі түрде жалғасын тауып, жер-жерде ағаш отырғызылып жатыр,деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғай жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет», – деген болатын.
19 наурыз – Жаңару күнінде Наурызнаманың онкүндігі дәстүрлі түрде жалғасын тауып, жер-жерде ағаш отырғызылып жатыр. Бұл істен тараздық ҚАЖ қызметкерлері де тыс қалған жоқ. Нақтырақ айтқанда, бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінің қызметкерлері тал-дарақ отырғызды. Осылайша, құқық қорғау қызметкерлері ел аумағында орман-тоғайдың қатарын көбейтетін халықтық идеяға өз үлестерін қосты.