
Kaspi.kz жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жаңа "Kaspi Жұмыс" сервисін іске қосты, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл қызмет арқылы жұмыс берушілер вакансия жариялап, лайықты үміткерлерді оңай таба алады, ал жұмыс іздеушілер түйіндеме жасап, сәйкес ұсыныстарды ала алады.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл сервистің шағын және орта бизнес үшін тиімді құрал болатынын атап өтті. Жаңа платформа түйіндемелер мен вакансиялар тарихын сақтап, өзара әрекеттестікті жеңілдетеді.
Kaspi.kz – 15 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша. Ол арқылы пайдаланушылар онлайн сауда жасап, төлемдер мен аударымдар жүргізеді, билеттер сатып алады және мемлекеттік қызметтерді пайдаланады. Ал Kaspi Pay сервисі кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға көмектеседі.
Толығырақ ақпаратты Kaspi Гидтен біле аласыз.
Келесі мақала