Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қатысушысы ұсталды

Адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қатысушысы ұсталды
arainfo.kz
Құқық қорғау органдары адам ағзаларын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар деп айыпталған 35 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды arainfo.kz

Polisia.kz мәліметінше, құқық қорғау органдары 35 жастағы әйелді адам ағзаларын саудалаған халықаралық қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен ұстады. Ол 2020 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

2020 жылы Интерполдың сұранысы бойынша, күдікті Украина-Польша шекарасында ұсталды. Тергеу деректеріне сүйенсек, 2017-2018 жылдары бұл топ Қазақстанда заңсыз трансплантация операцияларын ұйымдастырған. Қылмысқа Израиль, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары қатысқан.

Күдікті донорлар мен реципиенттерді қарсы алу, медициналық тексерістерді ұйымдастыру, шығындарды өтеу және жалған туыстық байланыс туралы ақпарат жаттатқызу жұмыстарын атқарған. Қазіргі уақытта оның Қазақстанға экстрадициялану мәселесі қарастырылып, тергеу амалдары жалғасуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар