
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде қардың тез еріп жатқанын айтты, деп хабарлайды arainfo.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 11 наурыздағы жағдай бойынша ел аумағының 71%-ын қар басқан. Оңтүстік пен батыста қар еріп жатыр, ал орталық, солтүстік, шығыста қар әлі қалың. Наурыз-сәуір айларында температураның көтерілуі мен жауын-шашынның артуы су тасқыны қаупін күшейтеді.
Министрдің сөзінше, тасқын қауіпі жоғары аймақтар мыналар: Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, СҚО, ШҚО.
Орташа қауіп аймақтары: Алматы, Жетісу, Жамбыл, БҚО, Атырау.
Төмен қауіп аймақтары: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда.
Айта кетейік, наурызда жауын-шашын нормадан 2 есе көп түседі деп болжануда, бұл көктемгі тасқын қаупін арттыруы мүмкін.