Президент бұл мереке өзара сыйластық, ынтымақ пен бір-біріне деген құрметті бейнелейтінін атап өтті.Ол еліміздің бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында халықтың қиындықтарды жеңіп, әрқашан ынтымақтастықта болуға күш салғанын атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толғанын еске сала отырып, бұл құрылымның қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтудағы маңызын айтты.
Қазіргі уақытта елімізде ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұрғанын мәлімдеген Президент, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті. Ол ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген барша қазақстандықтарға алғыс айтып, зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Жамбыл облысында Алғыс айту күні кең көлемде атап өтілді
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




