
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау мақсатында тұрғын үй сертификаттары табысталды,деп хабарлайды arainfo.kz
Жаңа пәтер иесі атанғандар қатарында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғалым хатшысы Нартай Сағымбекұлы Бекмолдинов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Гүлістан Бисенбайқызы Елубай, Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Балжан Жасұланқызы Найманова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Айжан Олжабекқызы Нұғыманова бар.
Сұхбат барысында көптен күткен жаңа пәтер сертификатын алған жас ғалымдар еліміздегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан қолдаулардың артып жатқанын қуанышпен атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
163 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берді
- авторAR-AY
- Бүгін, 11:49