Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Kitap Time» оқырман клубы ашылды

«Kitap Time» оқырман клубы ашылды
Ашық Дереккөз
Биыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы қолға алынды. Осыған орай облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Kitap Time» оқырман клубын ашты. Клуб құрамына қоғам белсенділері, ақын-жазушылар және жастар енген.

«Kitap Time» оқырман клубының ашылу салтанаты сахналық көріністен бастау алды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері көркем шығармалардағы кейіпкерлерді сомдап, көрермен көзайымына айналды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшелері, қоғам белсенділері өз шығармаларынан үзінділер оқып, кештің көркін аша түсті.

Іс-шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған «Қазақ жазуының тарихы» атты көрме ұйымдастырылды.

 

Меруерт САЙЛАУХАН,

облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін

азаматтар кітапханасының кітапханашысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар