"Даңғаза дастарқандар мұсылманға жат": Ас беру рәсіміне қатысты ереже
- author AR-AY
- 25 ақпан, 2025
- 54

ҚМДБ мәлімдеуінше,тағылымды семинар барысында филиал директоры Дәурен Мүсілімов пен «Aq meshit» мешітінің ұстазы Махмұт Қасым мұсылман қауымына ас беру мәдениеті мен оның шариғаттағы орны туралы маңызды насихат айтты.
Ұстаз Махмұт Қасым өз сөзінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ескертуін еске салды:
«Ашаршылықтан қорқыңдар және ысырапшылықтан сақ болыңдар».
Оның айтуынша, қайтыс болған адамға пайда әкелетін ең басты нәрсе — шын жүректен жасалған дұға, сауапты амалдар мен шариғат талаптарына сай берілген садақа.
"Атақ үшін дастарқан жаю мұсылман әдебіне сай емес" . Мамандардың пікірінше, жағдайға қарамай, шектен тыс шығындалып, атақ үшін жасалатын даңғаза дастарқандар шариғатқа қайшы.
"Марқұм үшін ең үлкен сый – шынайы дұға мен шариғи амалдар. Ысырап пен көзбояушылықтан аулақ болған жөн," – деді ұстаз Махмұт Қасым.
ҚМДБ өкілдері мұсылман қауымын ас беру рәсімінде қарапайымдылықты сақтауға, сауапты амалдарға басымдық беруге шақырды.
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады
Ұқсас жаңалықтар
Сарысуда «Жаңару күні» аясында 27 мың түп тал отырғызу акциясы басталды
- авторAR-AY
- 19 наурыз, 2025