Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түзеу мекемесі мен әскери бөлім қызметкерлері жас сарбаздарға тәжірибесімен бөлісті

Түзеу мекемесі мен әскери бөлім қызметкерлері жас сарбаздарға тәжірибесімен бөлісті
Ашық дереккөз
Әскери ант берген күнінен бастап, әрбір жас жеткіншек сарбаз атанады. Бүгінде Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімі бірлесе қызмет атқарып отырған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі қызметкерлерімен жас сарбаздарға салтанатты түрде алғашқы жауынгерлік қару табыстап, бүгіннен бастап командирлерінің көмегімен өздері түсетін қызметтің қыр-сырын меңгеруге кірісіп кетті.

Іс-шараға әскери бөлім офицерлері мен сержанттары және №59 мекемесінің қызметкерлері қатысты. Іскерлік тәжірибеге толы шара барысында сала  мамандары сарбаздарды өздері қызмет атқаратын түзеу мекемесімен таныстырды.

Түзеу мекемесіндегі тыныштық пен тәртіптің сақталуы – ең алдымен қарауыл күзетінде қалтқысыз қызмет атқарған қырағы жауынгерлеріміздің арқасы. Мекеме әкімшілігі жас сарбаздарға түзеу мекемесіндегі ішкі тұрақтылықты сақтауда міндеттерін адал атқарып, қырағылық пен әскери тәртіптің жақсы үлгісін көрсетеді деп сенім білдірді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар