Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

«111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды
Ашық Дереккөз
Еліміздегі барлық мектеп пен колледжде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Бастама еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесе қолға алынған. Мақсаты – балалар құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетуі. Енді оқушылар «111» бірыңғай нөміріне қоңырау шалумен қатар, QR-код арқылы өтініш білдіре алады. Бұндай тақтайшалар білім беру ұйымдарымен қоса, балалар үшін қолжетімді орындарда, автобус аялдамаларында да орналасқан.

Былтыр «111» байланыс орталығына балалардан 1000 ға жуық өтініш түскен. Барлық хабарлама бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе көмек ұйымдастырылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар