
3 жылда шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 75 млрд теңге төледі, деп хабарлайды arainfo.kz
Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы 3 жылда шетелдік компаниялар Қазақстанға 75 млрд теңге салық төлеген. Тек 2023 жылы бұл көрсеткіш 35 млрд теңгені құрады.
Қазір елімізде 101 шетелдік компания тіркелген, олардың қатарында Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да ірі платформалар бар. 2024 жылдың соңында бұл тізімге Temu, Pinduoduo және Alibaba қосылды.
Бұл салық Қазақстан азаматтарына электронды сауда мен қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қатысты қолданылады. Яғни, сіз Netflix-ке жазылсаңыз немесе Aliexpress-тен тапсырыс берсеңіз, оның белгілі бір бөлігі ел қазынасына түседі.
Келесі мақала