
6 ақпан күні Бейнеу-Сайөтес тасжолында Toyota Camry көлігі «Камаз» жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орын алған қайғылы жол апатында төрт жолаушы көз жұмды. Оқиға болған жерде жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп, түрлі жарақат алған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. «Камаз» көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алмады және медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін жұмыстарын жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан осындай ауыр жағдайдың орын алғанын анықтап жатыр.
Келесі мақала