Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ІІМ: Шетелдіктен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді

ІІМ: Шетелдіктен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді
polisia.kz
Алматы қаласында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың мәлімдеді.

Қазақстанда жедел уәкілдер үй-жайды тексеру барысында үш sim-box құрылғысын тапты. Әр құрылғыда 32 sim-карта слоты болған, ал жалпы екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді. Бұл құрылғылар арқылы қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалғаны анықталды. Шетелдік азамат 2024 жылдың желтоқсан айында елімізге келіп, осы құрылғыларды пайдаланып алаяқтық әрекеттер жасау үшін қызмет көрсетумен айналысқан.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар