Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік-әлеуметтік маңызы бар жобалар түсіндірілді

Мемлекеттік-әлеуметтік маңызы бар жобалар түсіндірілді
Ашық Дереккөз
Жуырда «Достық» үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестік жетекшілеріне арналған мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік-әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша оқыту семинары өтті.

Жиынға облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Қуаныш Мамашев, облыстық мәслихаттың депутаты Жанат Бастаубаева, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психология қызметінің бастығы Дархан Мансурханұлы, сондай-ақ өңірлік ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері және «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы қатысты.

Кездесуде құзырлы мемлекеттік орган өкілдері әлеуметтік маңызы бар жобалар төңірегінде бірқатар маңызды ақпаратпен бөлісті. Атап айтсақ, әскери саладағы әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемдер туралы Дархан Мансурханұлы баяндама жасаса, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек мобильді орталығының өкілдері Жанерке Мейрамкелдіқызы және Айгүл Ертөре аймақтағы мобильді орталықтардың қызметін түсіндірді.

Сондай-ақ басқосуда облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және индустриалды-инновациялық дамыту бөлімінің басшысы Дамир Болатұлы және облыс әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының директоры Дархан Кеңесбекұлы маңызды мәліметтер берді.

Жиын соңында қатысушылар сала мамандарына сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

«AR-AI»-ақпарат

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар