Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тамшылатып суару және ұңғымаларды бұрғылау: Жамбыл облысында ірі өндіріс ошағы іске қосылды

Тамшылатып суару және ұңғымаларды бұрғылау: Жамбыл облысында ірі өндіріс ошағы іске қосылды
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысында «Каз Каспий Гидро Сельхоз Технология» ЖШС тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті іске қосты.

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жаңакәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты.

Жоба құны - 2,8 млрд. теңге. Мұнда жылына 20 мың гектарға дейінгі алқапты тамшылатыпсуаруға қажетті жабдықтар өндіріледі. 30 жаңажұмыс орны құрылды. Өндіріс толық қуатынашыққаннан кейін жұмыс орындарының саны екіесеге артады.

Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі вегетациялықмаусымға толығымен дайын. Фермерлерге6 000 гектар суару жабдықтары беріледі. Сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауға арналғанқұрал-жабдықтар да жеткізілді.

Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысыныңжан-жақты қолдауының арқасында еліміздеинвесторлардың жұмыс жағдайын жақсартубойынша жүйелі қадамдар жасалып жатқанынбаса айтты.

Облыс әкімі өндіріс ошағына қажетті қолдаукөрсетілетінін, сондай-ақ шаруалар үшін дұрысбаға мен сапа арақатынасыныңмаңыздылығын атап өтті. Суды үнемдейтінсуару технологияларын енгізу су шығыныназайтып, ауыл шаруашылығы дақылдарыныңөнімділігін арттырады.

Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындарды жұмысқатарту мәселесіне де назар аударды.

Облыста суармалы жердің көлемі 181,8 мыңгектарды құрайды. Оның 127,3 мың гектары немесе 70,9 пайызы жерүсті әдісіменсуарылады. Ал 28,5 мың гектар алқапқажаңбырлатып суару, 11,5 мың гектар жергетамшылатып суару жүйесі пайдаланылады.

2024 жылы 15,2 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары орналастырылған. Биыл 10 мың гектарға енгізіліп, облысаумағындағы жалпы көрсеткіш 64,5 мыңгектарға дейін жетеді деп күтілуде.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар