Жамбыл облысында студенттердің білім алуына барлық жағдайлар жасалған
- author AR-AY
- 14 қаңтар, 2025
- 223
Университеттерде барлығы 20 мыңға жуық студент білім алуда. Оларға білім гранттары қарастырылған. Атап айтқанда, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 49 докторант, 219 магистр, 4153 бакалавр студенттері мемлекеттік стипендиялармен қамтылса, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінде 26 студентке мемлекеттік гранттар тағайындалған.
Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде 150 бакалавр және 14 магистр мемлекеттік грант есебінен оқып, мемлекеттік стипендиямен қамтылған. Одан бөлек жергілікті грант арқылы 7 бакалавр, Қазақстан халқы қоғамдық қоры гранты арқылы 39 бакалавр, Freedom банк гранты есебінен 16 бакалавр, БЦК банк гранты есебінен 10 бакалавр және Hackathon жобасы арқылы 2 бакалавр білім алуда.
«ХТУ ректорының 100 гранты» жобасының аясында әлеуметтік жағдайы төмен жастарға тегін білім алуға мүмкіндік берілген. Білім және ғылым саласында жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге келесі стипендиялар тағайындалған: Шерхан атындағы стипендия – 15 мың теңге, студенттік ректордың стипендиясы – 40 мың теңге, студенттік деканның стипендиясы – 25 мың теңге.
Жұмысшы мамандықтарын даярлау мақсатында 2024 жылы Д.И. Менделлеев атындағы Ресей химия-технологиялық университі ашылған болатын. Студенттер оқуды аяқтаған соң, «Қазфосфат» ЖШС-де жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар. Жоғары оқу орындарында 1618 орынға арналған 4 жатақхана заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталған.
Жатақханалар студенттердің қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырып, шығармашылықпен және спортпен айналысуға мүмкіндіктер жасалған. Бұл тек тұратын орын ғана емес, студенттері үйлесімді дамуға және белсенді өмір сүруге барлық жағдайларға ие.
Жатақханада тұруға өтініш беру процесі «Платонус» электрондық платформасы арқылы ұйымдастырылған, бұл оны студенттер үшін барынша ашық және қолайлы етеді. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетіне қарасты жатақхана Қазақстандағы ең заманауи жатақханалардың бірі. Бұл бірегей бес қабатты кешен 500 орынға арналған. Мұнда өмір сүру, оқу және демалу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Әр қабат заманауи жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталып, қауіпсіздік үшін кіреберісінде Face ID жүйесі бар турникеттер орнатылған.
Студенттерге жатақханаларда орындар жеткілікті. Мәселен, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 932 орынға арналған 2 жатақханада 17% бос орындар бар.
Серік СӘЛЕМОВ,
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөз сөйледі
- авторAR-AY
- 14 қаңтар, 2025