Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды
- author AR-AY
- 10 қаңтар, 2025
- 120

Қазақстандық спортшы Дінмұхаммед іріктеу кезеңінде 97.11 ұпай жинап, үшінші аралық нәтиже бойынша финалдық алтылыққа өтті. Осындай ұпайды іріктеу кезеңінде канадалық спортшы Эллиот Бюрегар да жинаған болатын. Ал іріктеуден кейінгі көшбасшы, яғни бірінші орында тұрған Қытай спортшысы Юйхэн Ян 101.79 ұпаймен ерекшеленді.
Финалдық кезеңде Дінмұхаммед өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, 104.52 ұпай жинап, төрешілердің шешімімен алтын медальді жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының аталмыш спорт түрінен алғашқы алтын медалі болып табылады.
Екінші орынды Қытай спортшысы Юйхэн Ян (101.79 ұпай) иеленсе, үшінші орынға тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Ян (94.82 ұпай) жайғасты.
Осылайша, Қазақстан тарихында алғаш рет осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алынды.