Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«...Қарсы ұшар дауылға екпіні ерен, Қырандай жігіттерді текті дер ем!»

«...Қарсы ұшар дауылға екпіні ерен, Қырандай жігіттерді текті дер ем!»
ашық дереккөз
«...Қарсы ұшар дауылға екпіні ерен, Қырандай жігіттерді текті дер ем!»
Жүрек жылуы

Тазалатып өзені мен бұлағын, Жарқыратып самаладай шырағын. Жан-жағына жасыл желек өсіріп, Төгіп жүрсің жақсылықтың шуағын!

Ұлықтадың рухтар алаңын, Түсінесің тұрғындардың талабын. Күндіз-түні ойланасың ізденіп, Сәулеті үшін қайырымды қаланың! Жаяу жүріп аралайсың көшесін, Түрлі-түрлі мәселесін шешесің. Қайратыңды, ақылыңды жұмсайсың, Қайтаруға өткен жылдың есесін! Қамын ойлап ауыл менен аймақтың, Еңбек көркін еселедің, қайнаттың. Бас-аяғы бір-екі жыл ішінде, Жамбыл жерін жарқыраттың, жайнаттың! Ақын ата жалғастырып ән-жырын, Болашақпен табыстырып тағдырын. Көк базарда тым жабырқап тұратын, Шын тұғырын тапты-ау, ұлы Жамбылым! Өз еліңнен батыр шықса – мәртебе, Өрлігімен жарасады тау, төбе. Саябақтан қоныс тапқан тұрақты, Мәңгілік от жарасып тұр – Баукеңе! Жақсы істерге жан-жүрегің қуанған, Имандысың ізгіліктен нұр алған. Еңбек етіп осы өлкенің бағы үшін, Орындалсын алдыңдағы ұлы арман. Мойындасақ – азаматсың жаны асыл, Шын ниетпен сүйген ұлтын, даласын. Туған елін жақсы көрсін мәңгілік, Дәл өзіңдей бар қазақтың баласы! Әз жаныңа жақсылықты дарыттың, Елге жақын екеніңді таныттың. Әр ісіңнің нәтижесі, жемісі – Бөлей берсін, махаббатына халықтың! Қайырбек АСАНОВ, ақын Қайраткер Шабытым, шалқар көлім, Ақ теңізім, Жүректің жеткізе гөр шат лебізін. Абырой, даңқы артсын азаматтың, Жамбылға жасап кеткен бақ негізін. Арқалап халқымыздың сенім жүгін, Жайнатып өлкеміздің жерін, гүлін. Таразды тарихымның тәжі етті деп, Шуылдап мақтап жатыр елім бүгін. Таразым, пейіштің нақ өзіндей боп, Тектұрмас, Қараханның көзіндей боп. Жасай бер, Айша бибі арман еткен, Мөп-мөлдір пәк махаббат сезімдей боп. Қарсы ұшар дауылға екпіні ерен, Қырандай жігіттерді текті дер ем. Солардың бірі сенсің, Асқар балам, Қазақтың бағы жансын деп тілеген. Отындай найзағайдың жарқылдайтын, Тұлпардай шаршамайтын, алқынбайтын. Табанды, дана, іскер қайраткерге, Тәңірім, күш-қуат бер сарқылмайтын!

Шырын МАМАСЕРІКОВА, ақын

Сен туған күн Сен туған күн сәруар шуақ сәтті күн, Береке тасып, шалқыған кезі тәттінің. Сәбила ана салауат айтып жымиды, Кеудесін керген жасыра алмай шаттығын. Ойнатып дабыл әп-сәтте жиып дүрлерді, Құттықтау үшін ананы ел-жұрт үлгерді. Алатау менен Қаратауымды қуантып, Исабек байдың үйіне, Асқар ұл келді. Сол Асқар ұлды қазағы танып, қолдады, Көшбасшысы мықты Оңтүстік мынау олжалы. Тынысы кеңіп, ырысы артып, жаңарып Кең байтақ елге береке, бақыт орнады. Қасиетін білген ақынның әрі ананың, Сен ізгі ұлы өсірген баптап даланың. Атыңнан түспе, алғысын елдің арқалап, Мерейің асып, мың жаса Асқар қарағым! Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА, ақын Тәуекелге сен едің бара алатын Таразылап Тараздың тарау атын, Тәуекелге сен едің бара алатын, Асқар шыңға шығарған Әулиеатаңның, Асуы алда көп еді әлі алатын. Асқар десе дегендей – асқар едің, Жамбылымда жақсы үлгі бастап едің. Екі дәуір шешпеген түйткілдерді Екі-ақ жылда еңсеріп тастап едің. Анық болды кеткенің өз еркіңмен,.. Халық қалды дағдарып келер күннен. ...Басбұзарды батырмен шатастырған, Аңғалдығын аңқау ел көрер кімнен. "Қотыр атқа жанаспай соқыр атым", Жайы еді тып-тыныш отыратын. Әдетінен келеді арыла алмай, Бармақ шайнап соңынан опынатын. Астаң-кестең ақыл-ой аулаққа ұшты, Бір-ақ сәтте дүние аунап түсті. Тірегіме айналған тұлғам едің, Жүрегіңе түсінем, салмақ түсті. Сендей ұлын құрметтей ортаға алып, Сен жүрген жер жүреді арқаланып! ... Ал мына біз басшыға жарымаспыз, Есімізді жыймасақ, ей, халайық! Үміт БИТЕНОВА, ақын Асқақтай берсін бағыңыз! Ақ жүрекпен ақ тілек – Ардағы сөздің толғаған. Азаматтың бірі Сіз, Басына бақ орнаған. Етегіне ел сыйған, Қырандай көкте самғаған. Арқа сүйер Аға деп, Ізгі ниет жолдағам. Еңселі бедел биігін, Еңсерген Аға шағыңыз. Ел құрметі теңіздей, Тұғырлы болғай тағыңыз. Шаянда жаққан шамшырақ, Жарқырай берсін шамыңыз. «Асқары» болып қазақтың, Асқақтай берсін бағыңыз. Асылы сөздің ардағы, Білінер іздей қардағы. Бәрі де құтты болғай деп, Батиға өлең жолдады. Тұмансыз жүзің тап-таза, Тектілік қонған тұрқыңыз. Жауына сырын алдырмас, Сауыты алтын сыртыңыз. Шыдамдылығыңыз шынайы, Бұзылмас сөзге шырқыңыз. Тура жолыңды танитын, Төрге оздырсын жұртыңыз. Ақмарал ЛЕУБАЕВА, ақын Асқар әкім, Әр ісі игілікпен басталатын. Мансап пен қызметтің ауылында, Қалдырып кете барды асқақ атын. Асқар ағам, Ақ көңілі кем түспес жас баладан. Билік пен бишікештер ортасында, Өзінің адал арын ластамаған. Асқар тұлға, Жүрек керек мансаптан бас тартуға, Мұхтар ақын айтқандай, "құлаған тас-Сынғанымен қалады тас қалпында". Біржан БАЙТУОВ, айтыскер ақын Жақсыға жамандар жанаса алмайды, Таулармен төбелер таласа алмайды. Десек те, Аспаннан әрі аса алмайды, Ал, бірақ, АСҚАРЛАР аласармайды! Адамдық әкімдік аттан жоғары, Тазалық тәкаппар тақтан жоғары! АСҚАРдың етегін бұлт басқанымен, Басында мәңгілік ақ қар болады! АСҚАРды аспан да сүйіп қарайды, Төмпешік төменнен күйіп қарайды. Асқақпын демейді, АСҚАРЛАР өзін, Асырмай тұрса да иықтан айды! Алладан беріліп бастапқы бағы, Қазық боп жерді үлкен сақтап тұрады. О, баста биік боп жаратылған соң, АСҚАРЛАР қасқайып, АСҚАҚ тұрады! Бекмұрат АНАРБАЕВ, айтыскер ақын Кей пенде көтере алмай жарты бақты, Шаруасының болады арты ұятты. Асанбай атамызға ел, халықтың, Тілегі теңіздей боп толқып ақты. Оңтүстікті басқарған уағында, Қаланың құрылысы қарқын апты. Шымкентке айрықша шырай беріп, Шаһарға сай жаңартты, жарқыратты. Дендропарк, зоопарк бүгінде де, Тұрғындар баратын жер ең тұрақты. Балалардың пойызы ашылғанда, Ел шаттығы дариядай шалқып ақты. Асанбайдай алыптар бар ма қазір, Салыстырып қараудың шарты қатты. Дегенмен ел ішінде табылады, Ерлер іске арнаған бар қуатты. Асқаров Асанбайдың бір үлгісі, Асқар Мырзахметті де халық ұнатты. Таразды аз уақытта тап-таза ғып, Көшесін де айнадай жалтыратты. Азаматтың еңбегін айту керек, Көрініп осындайда нарқы нақты. Жамбылға қызмет еткен бар күшімен, Асқар Мырзахметовтей нар кісім ең. Еңбегіне осында елім айғақ, Сұрасаңыз айтады әр кісіден. Қызметтен еркімен өзі кетті, Қуылған жоқ патшаның жарғысымен. «Жауаптымын Жамбылда әрбір іске», Деген ой туады ары бар кісіден. Күллі дүние күл болып жатпаса да, Мансапқа жабысқан жоқ бар күшімен. Таразға еткен еңбекті ел бағалап, Тілек тілеп шығарып салды ішінен. Аталардың бастап ед батасымен, Аяқтады аналардың алғысымен. Нұрмат МАНСҰРОВ, айтыскер ақын
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар