Қазақстандықтар енді аттестаты мен дипломын цифрландыра алады
- author AR-AY
- 9 қаңтар, 2025
- 1
Енді eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. Онда азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.
"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)» мемлекеттік қызметі кеңейтілді. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылды. Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіби білім беру құжаттары цифрландыруға жатады. Қызметті көрсету уақыты – 5 жұмыс күнін құрайды.Қызмет көрсетуден бас тарту ұсынылған құжаттар немесе деректер қате болған жағдайда мүмкін", - делінген хабарламада.
Қызметті пайдалану үшін:
- kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» - «Білім» бөлімін таңдау керек;
- «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;
- «Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру» қызметін таңдап, білім туралы құжаттың түрін көрсетіп, құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек;
- қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.