Жаңалықтар
Алаяқтық үшін іздеуде жүрген қазақстандық Сербияда ұсталды
- author AR-AY
- 9 қаңтар, 2025
- 194
Үлкен көлемдегі алаяқтық үшін іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды,деп хабарлайды arainfo.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды.
"Бүгін 45 жастағы күдіктіні Бас прокуратура өкілдері Қазақстанға экстрадициялады. 2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған", - делінген хабарламада.
Келесі мақала
Президент Әділет министрін лауазымынан босатты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Республика күніне орай Шу қаласында жаңа су нысаны пайдалануға берілді
- авторAR-AY
- 25 қазан, 2025




