Жамбыл облысында халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелер толық орындалды
- author AR-AY
- 7 қаңтар, 2025
- 31
2024 жылы облыс бойынша 46 743 мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 39,5 млрд теңге жәрдемақы, 46 653 көпбалалы отбасыларын қолдауға 472,9 млрд теңге қаражат төленді.
Өткен жылы 2,4 млрд теңгеге 5,9 мың отбасындағы 31,5 мың адам атаулы әлеуметтіккөмекпен қамтыса, әлеуметтік осал топтардағы 2 694 отбасына 89,8 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Облыстағы 1 244 мүгедек балаларды үйде оқытуға 71 млн теңгеге, ауылдық жерде тұратын 23 775 отбасыға отын сатып алуға 510,3 млн теңгеге көмек көрсетілді.
2025 жылы Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмекпен 52 652 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,2 млрд теңге қаржы қарастырылды.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 6 жасқа дейінгі 15 549 балаға 758 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2025 жылы әлеуметтік осал топтардағы 8 911 отбасыға 154,1 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
2025 жылы 1 285 мүгедек балаларды үйде оқытуға 87,3 млн теңгеге, 11 180 жеке санаттағы азаматтарға 1,4 млрд теңгеге көмек көрсетіліп, 32 725 маман 611,3 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмекпен қамтылады.