Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесуі мүмкін,деп хабарлайды arainfo.kz.
Ризабек Айтмұқан мен АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер арасындағы белдесу өтеді деп күтілуде. Бұл туралы Кәсіпқой күрес лигасының (PWL) Instagram-парақшасында хабарланды. Қазіргі уақытта тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр.
Ризабек соңғы рет Таразда өткен турнирдің жартылай финалында америкалық Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен жеңіліп, үшінші орын алған болатын.Кайл Снайдер ақпан айында Алматыда өтетін PWL-8 турниріне қатысады. Екеуінің белдесуі осы жарыс аясында болуы мүмкін.
Кайл Снайдер – 2016 жылғы Олимпиада ойындарының алтынын және 2020 жылы Токиода өткен ойындардың күмісін 97 кг салмақ дәрежесінде жеңіп алған әйгілі америкалық спортшы.
Келесі мақала
Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Милан–Кортина Олимпиадасына дайындық: қысқы спорт қалай дамып жатыр?
- авторAR-AY
- 15 қаңтар, 2026




