Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа жыл мерекесінде пиротехникадан 63 адам зардап шекті

Жаңа жыл мерекесінде пиротехникадан 63 адам зардап шекті
©depositphotos.com
Жаңа жылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті,деп хабарлайды arainfo.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылған. Қалған 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем алып жатыр.

Өңірлер бөлінісінде:

Алматы қаласында - 19 адам;

Жамбыл облысында - 11 адам;

Сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.

Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдірқабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдауда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар