Жаңалықтар
Облыс әкімі полиция департаментіне жаңа қызметтік көліктер табыстады
- author AR-AY
- 31 желтоқсан, 2024
- 13
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев полиция департаментіне 77 автокөліктің кілтін табыстады,деп хабарлайды arainfo.kz
Ербол Қарашөкеев ел аумағының тұтастығы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлерге жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр екенін атап өтті.
- Кәсіби қызметтеріңіз кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруымен ерекшеленеді. Бұл міндетті абыроймен атқарып, Тәуелсіздік тұғырын биіктетуге үлес қосудасыздар, – деді ол.
Биыл полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінді. Оның 1,1 млрд. теңгесі 81 қызметтік автокөлікті сатып алуға жұмсалды.
Қызметтік автокөліктің арасында қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндірісте құрастырылған 14 электромобиль бар.
Жалпы 2020-2023 жылдары аралығында 307 автокөлік пайдалануға берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ұлттық банк Қазақстанның футбол клубтарымен монеталар шығарды
- авторAR-AY
- 31 желтоқсан, 2024