Ербол Қарашөкеев аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі орындау, ауданның әлеуетін және мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана отырып, халықтың әл-ауқатын арттыру басты міндет екенін баса айтты.
Сонымен қатар инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.
Өз кезегінде Ербол Жиенқұлов артылған сенімді ақтауға, барлық міндеттерді жемісті жүзеге асыруға күш салатынына сендірді.
Ербол Жұмабекұлы 1986 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринарлық санитария», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» РМҚК Жамбыл және Алматы бойынша өңірлік филиалының аға маманы болып бастаған.
2010-2020 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» РМҚК Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекші маманы, бас маманы, басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы, 2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келді.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк Қазақстанның футбол клубтарымен монеталар шығарды
- авторAR-AY
- 31 желтоқсан, 2024
Облыс әкімі полиция департаментіне жаңа қызметтік көліктер табыстады
- авторAR-AY
- 31 желтоқсан, 2024